Ұлт боламын десең бесігіңді түзе.

23 сентября, 2009 at 9:05 дп Оставьте комментарий

Қызылордадағы Шалқия  ауылында 86 құлағы естімейтін мүгедек бала бар.

Адамзаттың қолынан құртылып бара жатқан эколгияның және дәрігерлердің білместігінің әсерінен дүниеге кемтар, мүгедек балалардың келуі жиелеп кетті.  Бұл ащы да болса шындық. Мемлекеттің байлығы — дені сау ұрпақ. Дүние жүзінде 5 жылдың ішінде 500 млн. адамның құлағы естімейтіндігі анықталған екен. Алайда, тағдырдан таршылық көрген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бүгінгі өмірі қандай? Қазақстан қоқыс алаңымен мүгедектердің орталығы болып бар жатқандай. Осы сұрақ мазалаған мен, «Үміт саңырау, мүгедек балаларды қолдау» орталығының төрайымы Аманбике Ерғалиеваны сөзге тартқан болатынмын.

Аманбике апай бірінші сұрағымды осы орталықтан бастасақ және мүмкінлігі шектеулі балалар жайында айтып өтсеңіз?

Біздің  ұйым 1997 жылы құрылды. Ең алғаш қазақстанда құлағы естімейтін саңырау балалар қайдан пайда болады, ненің салдарынан көбейіп жатыр соны білейін деп құрған болатынмын.             Өзімнің балам саңырау болғандықтан басқа ата-аналардың көкейінде осы сұрақ мазалап жүргендіктен 1999 жылдың аяғында кішкентай «Глухато и общение»  деген кітапша шығардық. 1999 жылдары құлағы естімейтін «Мүгедектік жәрдем ақы алатын адамдардың  саны 55 мыңнан астам  болатын. 2005жылы «Қол қимыл әлемі»-деген ым тілінің сөздігін шығардық. Сол кезде құлағы естімейтін мүгедектердің саны 155 мыңнан асып кетіпті. 5-6 жылдың ішінде құлағы естімейтін мүгедектердің саны  үш есеге көбейген… Құлағы естімейтін мүгедектердің саны артып келеді. Бұл экалогияның және дәрігерлердің білместігінің арқасында болып отыр. Қазіргі таңда туылып жатқан сәбилерде ғылыми түрде білінбейтін аурулар жиелеп кетті. Бұл экологияның әсерінен. Соның ішінде құлағы естімейтін адамдар көп. Оның үстіне біздің ауамыз лас. Машинадан шығатын жаман жағымсыз иістер жүкті әйелдерге өз әсерін тигізбей қоймайды. Олардың ауыр металл қалдықтары қан қысымының төмен (внутренный церепной добления) болып туылып жатады. Ол ауруды жазамыз деп түрлі дәрі-дәрмектерді қолданады. Оның ішінде митцилывый группаға пенцелин, ампетцелин және гентаметцин т.б. қолданылады да баланың есту қабілетін өлтіріп тастайды. Қазақстанда 2005-2006 жылы Үкімет тарапынан баланың құлағына есту қабілетін жоғарлату үшін 30 мың АҚШ доллорына арнайы чип орнату белең алып кетті.

Ата-аналары оператцияға кезекке тегін  тұру үшін дәрігерлерге 2000 АҚШ доллорын берсе кезексіз өткізіп жатты. Бұл да бір бизнестің түріне айналды. Ол кезде өзімнің бірнеше рет қарсылғымды айтқан болатынмын. Бұл оператцияны жасағаннан кейін оңалдыру бағдарламасы болу керек. Өкінішке орай бізде ондай оңалдыру бағдарламасы бізде жоқ. Қанша шығын болып бірнеше балаға оператция жасады бұның нәтижесі қайда?  Бізге көрсетсін. Осы  оператциядан қай бала сөйлеп кетіп жатыр? 2005 жылы Түркия елінде болғанда Англия, Германия елінен келген құлағы естімейтін адамдармен кездескен кезде. Бізде сондай оператция жасаған болатынбыз. Бірақ, кейін біз оны алдырып тастадық деген болатын. Себебі оның  пайдасынан зияны көп болыпты. Артық керек емес дыбыстарды да көп қабылдайды, адамның психикасын бұзады және ұйықтап жатқанда ми демалмай тынымсыз қозғалыста болады екен.

Аманбике апай жалпы экологияның әсерінен мүгедектікке ұшырап жатқан адамдардың саны артуда дейміз осы жағынан сіз не айтасыз?

Экологияның адам баласына тигізіп жатқан зардабы өте көп. Мысалы адамның жасына жетпей қартайуы және бала салмағының өспей қалуы 20 жасар қыздың 20 кг. салмақ болуы бұл біздің ата-бабамызда болмаған өкіншті жағдай. Ақтөбе,Атырау облысында мұнай қалдықтары далаға кетіп жатыр. Шет елдік инвестролар жергілікті  тұрғындардың денсаулығына еш алаңдап жатқан жоқ. Мұнайдан шығарып тастайтын Серавадарот бар. Бұның салдарынанда мүгедектердің саны өсуде. Сонда жұмыс жасайтын адамдар өз-өзінен асылып өліп жатыр. Тістері, бауырлары, дене мүшелері дұрыс емес. Қызылорда облысында Шалқия деген ауылда 86 құлағы естімейтін мүгедек бала бар. Бұл таңғаларлық нәрсе. Бұл ашықтан-ашық өндіріп жатқан уранның салдарынан болып жатыр… Үкімет қайда қарап отыр? Мүгедектерді қолдау заңы кезінде жақсы жаңалық енгізуге тырыстық. Өкінішке орай кординатры «Әлеуметтік және еңбекпен қамтамсыз ету болғандықтан олар бізге шектеу қойып отырды.

Құлағы естімейтін мүгедек балаға мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетіліп жатыр?

Үшінші топтағы мүгедектердің алатын жәрдем ақысы 12500 теңге ол ештеңесіне жетпейді. Неге десеңіз оларда біз сияқты адам үйленгісі, үй алғысы келеді. Бірақ, бұл ақшамен ештеңеге қол жеткізе алмайды. Мемлекет білім береді. Бірақ жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Бір ғана Алматы сервис колледжінде 55-тен астам құлағы естімейтін бала бітіріп шығады. Ол жерде 4жыл бойы тегін білім алып, ай сайын жеңілдік ақшаларын алып отырады.  Бітірген білімі бойынша жұмысқа орналасайын десе еш жерде жұмысқа қабылдамайды. Көп бизнес орталықтар жеке кәсіпкерлердің еншісінде Кімге құлағы естімейтін қызметкер керек. Біз былтырғы жылдан бастап тігін тігу және шаш қию орталығын аштық. Шағын бизнесте жүрген азаматтарға айтқым келетіні құлағы естімейтін мүгедектерімізді жұмыспен қамтамасыз етсе деймін. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етсін деген заңда бар. Заң бар жақсы жазылған, бірақ ол іс жүзінде қолданылмайды. Венгрия, Руминия елінде бұлардың алатын жәрдем ақысы 500 евро, Америкада 1000 доллор Финляндияда 800 евро. Барлық европа елдерінде осылай бағаланады және айына бір рет тегін самалетпен баратын жерлеріне барып келеді. Бізде тіпті самалетпен ұшпағаны былай тұрсын. Қоғамдық көліктерде жеңілдіктер жоқ. Алатын жәрдем ақылары 100 доллорғада жетпейді. Табиғатта жаратылысымен осындай балаларға үкімет жақсы қамқорлығын аямай көмектессе екен деймін. Олар 12500 теңгеге өмір сүре алмайды. Алған ақшалары ешбір керек заттарына жетпейді. Мемлекет тарапынан қолдау аз. Былтыр Америка елінде болғанымда онда қаңғып тентіреп жүрген ешкім жоқ. Оларға керекті білім беріп жұмыспен қамтамасыз етеді. Финляндияда ым тілін бірінші сыныптан бастап барлық оқу орнындарында оқытады. 2005 жылы «Қол қимыл әлемі»,- деген кітапті шығарып жатқанымызда дүние жүзінде 5 жылдың ішінде 500 млн. адамның құлағы естімейтіндігі анықталды. Бұл деген экологияның құрып бара жатқандығының әсері. Біздің елде қарапайым адамдар ым тілін түсінбейді. Құлағы естімейтін адамдардың көбеюіне байланысты ым тілін оқытатын арнайы сынып ашу керек деп ойлаймын. Шет елдің жақсы тәжірибелерін алып біздің қазақстанға енгізу керек.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында да дарындылары бар ол жасырын емес. Жалпы қандай қосымша үйірмелерге қатысады?

Біздің мүгедек балалардың ішінде талантты балалар өте көп. Мысалыға: 15 қыркүйек күні Тайванға барып олемпиядалық спорт ойынына қатысты. Еркін күрестен Оспанов Абдрахман деген баламыз жүлделі орын алды. Қалғандары ең соңғы орынға ие болды. Оның үстіне  күлкілі болып келді. IT техналогиясының дамығаны соншалықты құлағы естима әлде естімейма деп арнайы аппаратпен тексерген. Сол кезде өтірктері шығып қалып ойынға қатыстырмай қойған. Шет елдіктер мүгедектеріне жақсы жағдай жасаған.Футболдан Қытай мемлекетін алдаймыз деп Құлағы естімейтін адамдардың орнына, Құлағы еститін, сөйлейтін адамдар Қуаныш, Сәуле Шакуовалар және  Максим Рашков Спорттық ассацатция ұйымнан жеңіп алып келеміз деп  алып барған. Оны қытайлықтар біліп қойып ойыннан қуып шыққан. 87 Елден келген 4мыңнан астам құлағы естімейтін адамдар Қазақстан ұят тірлік жасады деп ду күлген. Осындай ұйымдар әділетсіздік жасап отырса басқасы қайда барады. Бұл бізде қалыптасып кеткен жағдай секілді. Мүгедектердің ішінде өздерінің орындарын тауып жүргендер өте көп. Анар Абжанова өзінің салған суреттерімен бүкіл елді аралап шықты. Ағайынды  Алия мен Бота Құсайыновалардың суретері АҚШ елінде және бүкіл елде жеке жинақтарда бар. Көп көрмелер жасайды. Мақтанарлық спортшыларымыз бар. Қазақтың туын жерге түсірмей алып келіп жатыр. Бізде 4-ші дәрежедегі саңырау  Бапин Тауке деген баламыз бар Абай атындағы ҚазҰПУда  Халықаралық қатынасты бітіріп КазГУ-да  магистиратурада оқып жатыр. Осындай өмірде талпынысы бар мүгедектеріміз көп…

Біз рухани құндылықтан кенже қалған ұлт болып кеткен дейміз. Бізде алдап –арбау белең алып кекен. Тайванға барып келген балаларымыз таңқалып жатыр. Кішкентай ғана жер қандай таза, ұлтын, жерін сүйеді. Ал, бізге солай жасауға не кедергі болып жатыр? Барлығы жанұяның тазалығынан басталады  Әр бір ата-ана өз баласына тазалық туралы тәлім тәрбие беріп отырса бұндай ластыққа тап болмаушы едік. Экологиямыздың құртылуынада лауазымды адамдарымыздар да кінәлі. Себебі шет елдік инвесторларға береді. Келісім шартқа келгенде әлеуметтік бизнес болуы керек сол жердің тұрғындарының денсаулығын ойла деген ешқайсысы жоқ. Кейбір құлағы естімейтін мүгедек балалардың ата-аналары жоғары лауазымды адамдар. Олар өздерінің ғана балаларының жағдайын жақсы жасап қойған. Олардың үйлері, астарында машиналары және жеке кәсіптері бар.Оларға заң керек емес. Өздерінің қара бастары үшін жасаған Ал басқалар не болып жатқаны олар үшін белгісіз. Біз бір-бірімізге деген қөз қарасымызды өзгертпейінше төменгі жақта еш өзгеріс болмайды. Мүгедек балалар қалай жарық дүниеге келеді, солай қала береді. Денсаулық сақтау министрлігінде мүгедек балалар көп болғаны жақсы. Себебі үкіметтен ақша көп бөлінеді. Шетелден құрал-сайманда алып келеді. Олар айлап жатады. Құрал сайманмен жұмыс істейтін адам жоқ. Өз бетімен талпынып жұмыс істейін десе басшылыққа ұнамай қалады. Арнайы тексеру келгенде бізде мынадай құрал-саймандар бар деп қөрсетеді. Алматы ең ірі мегаполис.Тіркеуде  бір миллионнан астам тіркеусіз екі миллионнан астам адам бар. Солардың он мыңы құлақ естімейтін мүгедектер. Өзіңнің мүгедектігіңді дәлелдеу үшін қалада жалғыз емхана бар. Ол 5 ші хирургиялық емдеу полеклиникасы. Одан аудиограмадан өту үшін дүйсенбі күні келсен жұма немесе келесі дүйсенбіде дәрігердің қабылдауында боласың. Себебі үкіметке мүгедектігіңді дәлелдеп қағаз алатын жер сол орталық. Ол жердің құрал-саймандары көне ескірген тозығы жеткен. Ал басқа ақылы жердегі құрал саймандар ең сөңғы үлгіде. Біздің үкімет жаңа аудиограмма алалмайды дейсіз ба? Оған ақша бөлінеді бірақ, ол тиісті жеріне жетпей желініп кетіп жатыр. Үкімет өзінің заңын жүзеге асырмаса еш өзгеріссіз қалып қоя береді.

Жалпы ым тілін оқытатын арнайы мекеме бар ма?

2001жыл сурда аудармасын орыс тілінде «Хабар» арнасында бастадық. 2002ж. қазақ тілінде жасадық. 2005жылға дейін қаржыландырып отырдық. Сурда аудармашылардың біліктілігі төмендеп бара жатыр. Ым тіліне жаңадан сөздер еніп жатыр. Біз жүріп келе жатырмыз. Олардың біліктілігін көтеріп отыратын арнайы мекеме жоқ.  Біз мемлекеттік тапсырыс бойынша Ішкі істер саясат бөлімінен және мәдениет министрлігінен екі тапсырысты ұтып алдық. Қараша айынан бастап Сурда аудармашыларды оқытып, жаңа сөздер ұғымын сөздікке енгізуге  дайындалып жатырмыз. Біздің шенеуіктермен жұмыс жасау өте қиын.  13-жылдан бері жұмыс жасап келе жатырмын. Мен қартайдым менің артымда мен сияқты жұмыс жасайтын ешкім жоқ.Себебі ақысыз, тегін жұмыс. Барлығы қазір бір күндік күндері үшін өмір сүріп жүрген адамдар. Қазақ тіліндегі ым тілінің аудармашылары жоқтың қасы. Бір Станбулдың өзінде 5 ғылыми зерттеу институты бар.  Мысалы: Сурда тілін оқыту институты, сурда аудармашы, сурда педогогика т.б. институттар бар. Ал, бізде неге осылай жасамасқа. 1997жылы бізде 55 мың болса бүгінгі таңда 200 мыңға жақындап келеді. Мүгедектердің саны азаюдың орнына көбейіп бара жатыр. Ауылдық жерлерден күнде хаттар келіп түсіп жатады. Мүгедектік қағазды алу өте қиын. Себебі Үкіметтің  Әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамтамасыз ету министерлігінен берген нұсқама бар. Мүгедектердің санын азайтып көрсетіп отыру қажет. Кейде біз қазақшылыққа салынып көз алдымда тірі жүрсе болды Құдайдың бергені  деп қоя салады. Бала 15-18 жасқа келгенде ата-анамен және қоршаған ортамен қарым — қатынасы жоқ болып шығады. 10- 12 жасқа келгенде мектепке алып келеді. Аты-жөнін жаза алады бізге осы да жарар деп 1-2 жылдан кейін қайта алып кетеді. Байқоңырдан былтыр қыста маған бір баланың әкесі келіп Шешесін жүрек ауруына шалдықтырды. Мына баланы қалай тәрбиелесеңде маған адам қылып бер,- деп алып келді. Біз бір-біріміздің сөзімізді түсінбейміз. Баланың не айтқысы келгенін білмейміз. Баланың көзін ашып, білім беру  керек. Қазақшылыққа салынбай баланы дер кезінде оқытуымыз қажет. Оның барлығы бізде ұлттық  идеология, ұлттық құндылықтың жоқтың кесірінен болып отыр

Тәрбие жағы қалай жүзеге асырылып жатыр?

Ұлттық тәрбиеге келгенде ата-аналар жақсы тәрбие беруде. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді деген бар. Кейбір ата-аналар өз балаларынан құтылғысы келіп тұрады. Бізде көп ата-аналар өз балаларының тілін білмейді, сөйлесе алмайды, жан дүниесін түсінбейді. Бала мектепті бітіргеннен кейін қоршаған ортасы түсінбегендіктен түрлі қылмыстық әрекеттерге барады. Кейде анашаны мына жерге алып барып бере сал. Ұстап алса сенің мүгедек екеніңді біліп жібере салады деп түрлі әрекеттерге итермелейді. Малышова Галя деген қызды ата-анасы үйінен қуып жіберген. Содан бері 8 сыныптан бастап жөзекшелік жолға салынған… Шешесімен де барып сөйлестік, қызын да талай ұстадық сондай ата-аналар өкінішке орай кездеседі. Өз перзентін қылмысқа итермелейтіндер бар. Кейбір ата-аналар өз перзентіне жандары ашып өмірден өз орнын тауып бергісі келіп тұрады. Соларға қолдау көрсетеді. Ең жақсы мысал Бапин Таукеннің әжесі, Абжанова Анардың мамасы өзі 1 топтағы мүгедек бола тұра баласына білім берді. Мүгедек баланың өмірге  қалыптасып кетуіне  жанұяның үлкен септігін тигізді. Біздерде түрмеде отырып жатқандар да бар.

Тараздан бізге Түрік ұлты келіп баламыз 22де. Үйленгенге түріктің немесе Азирбайжан ұлттының қыз керек дегенннен кейін Қазақстан бойынша қыз іздеп таптық. Өзінен 7 жас кіші. Енді сол қыздың мектепті бітіруін күтіп жатыр. Осындай жағдайлар бізде көптеп кездесіп жатады. Тіпті той болған кезде аудармашы қызметін көрсетеміз. Балалары болғаннан кейін оларды бала-бақшаға орналастыруға көмектесеміз және ата-аналар жиналысына барамыз.

Ресей Бингимизм системасын енгізді. Ол дегеніміз ата-апа деген мынадай болады деп ым тілімен түсіндіреді. Ал бізде ыммен сөйлеп жатса қолдарына таяқ (укаска) пен тарс еткізеді. Тек қана менің аузыма қарап тұр деп ұрсады. Құлағы естімейтін бала ол не айтып жатқанын қайдан түсінсін. Сен мынаны оқы, сен тупой деп аяғымен жер тепкілегенді өзім талай рет көрдім. Сонда мен сіз мына жерде істеуге қақыңыз жоқ, сіз балаларды жақсы көрмейсіз дегенімде Менің баламның құлағы мүлдем естімейді. Соны алып баспалдақтан итеріп жіберген. Қолы сынып гипспен алты ай жүрді. Содан кейін сотқа шағымданғанымда оның баласының даму қабілеті төмен мамасы жалақор деп айтқан. Бізде осы бағыт. Балаға қалай білім берсем деп мұғалімдер ойламайды ғой. Өзінің сағатын беріп кете берсе болды. Ал баланың тағдыры ешкімді ойландырмайды. Содан келіп йогва, будда дініне кіріп кетіп жатады. Ажырасып, соттасып, бір-бірін өлтіріп кетіп жататындары да міне осыдан шығады.

Қазір сананы тұрмыс жаулап алған уақыт. Кейбір жастар ең құнды өмірде дүние, мал-мүлік деп ойлайды. Сіз осыған не айтар едіңіз?

Жастарға мен сенемін. Адамдар өздерінің жасаған қылықтарына нақты ой салып қарайтын болса. Бізде бұндай келіспеушіліктер болмайды деп ойлаймын. Әр-бір адам өзінің жүрісінен тұрысынан, алған білімінен қате тірлік жасайтын болса ол қайта алдынан айналып келетінін ұмытпаса екен. Ешнәрсе өзінің құнды заттармен бағаланбайды.  Құнды дүниеміз рухани байлық екенін еш уақытта ұмытпаса екен деймін. Сенің адамгершілігің, жан дүниең таза болу керек. Қазақстанның болашағы бар. Мен жастарға сенемін.

Орны толмас өкінштің құрбанына айналып жатқан мүгедектеріміздің жағдайы ертеңгі күні не болары белгісіз. Әрбір адамзат өз денсаулығымен болашағын ойласа игі болар еді. Табиғатымызды ластаумен қатар біз өз өмірімізге қауіп төндіріп жатқанымызды естен шығармайық. ағайын.  Болашақтың кілті біз жастардың қолында.

Әңгімелескен, Ұлбосын Мақсымталапқызы

Entry filed under: Блог, Мақалалар, Uncategorized.

Мерекелерынызбен Мен де, бір мөлдір тамшымын…

Оставьте комментарий

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed


Сентябрь 2009
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Blog Stats

  • 3 197 hits