Archive for Октябрь, 2007

Ескерілмеген Мадина Шоқай

 Жалғасы. Басы алдыңғы бетте. 

1932 жыл—ашаршылық басталатын жыл. Көктөбеде әкеміздің жеңгесі бар болатын, біз сол жаққа кеттік. Сөйтіп жүргенде әкеміз отырған пойызға жеңгеміз бізді де іліктіріп салып жіберді. Сол кезде Өзбекстаннан бірақ шығыппыз. Біраз жыл біз сонда тұрдық . Ол кезде бала едік, хат танымаймыз. Әкеміз оқшау жерде отырып хат оқитын. Сол хаттан кейін Қоқанға барып келетін.Сонда Қоқан арқылы өзбектерден хат әкеледі екен. Хатты оқып отырып жылап отыратын. Әкемнен неге жылайтынын сұраған кезде: «Е,е балам, ойыныңды ойнай бер, не қыласың?»-дейтін. Сонда бізге кесірі тиіп кетпесін -дейді екен ғой.

Әкем, 1934-1935 жылдары  Мұстафамен  хат арқылы хабарласып тұратын. Әкем ол кезде түйе бағып жүрген түйекеш еді.1936 жылы сәуір айында  қызым мен  баламды оқытпасам болмайды,-деп Өзбекстаннан   Қызылордаға қайта көшіп келдік. Келсек, «Мұстафа Шоқайдың тамырына балта шабу керек»-деп радиодан хабарлап, газеттерде жазып жатыр екен.

 Әкем оқыған, сауатты адам еді. Бір –екі жыл селсовет(қазіргі әкім) болған екен. Бірақ біз  оны білмейміз. Әкемнің туыстары; «көш қайда көшсең де қызды да балаңды оқытпай ақ қой кет.

Қызылордадан көш, оқымаса да бір күндерін көрер өзің аман бол»,-деді. Енді көшсек қайда барамыз,-деп  әкеміз оған көнбеді.Қайда барсамда осы ұл-қыздарым оқысын деп Қызылордада қалдық. Есейгенімде інім Мадияр екеуіміз бірге оқыдық. Біз екінші  2- сыныпты  бітірген 1937жылы 10 тамызда әкемізді әкетіп қалды. Әкемді алып кетерден екі-үш күн бұрын Мұстафадан келген барлық хаттар, суреттер мен оқитын оқулықтардың барлығын түйіншекке түйіп жартысын жандырып,қалғанын ұзаққа алып барып топыраққа көміп тастаған болатын. Қай жерге көміп тастағанын да білмейміз. Сол уақытта көзкөргендер, бүгін жоқ.

Туған жерімнің оң баурайына барып көміп тастаған болса керек. Ол кезде бізді білмесін деген ғой. Әкемді алып кетер алдында біз үйде түстігімізді ішіп отырған болатынбыз. Оқшау жерде екі атты кісі келе жатқанын әкем көріп, анама қазір аналар мені алып кетеді, артымнан шулап жылап қалма, балаларға жақсы қара. Амандық болса келермін. Артымнан түрмеге іздеп келуші болмаңдар. Келсеңдер халық жауының әйелі деп сені де қоса қамап тастайды, сонда балаларға кім қарайды,–– деп әкем жаңағы келген адамдарға ілесіп кетті. Әкемді көрген соңғы күн сол болатын. 

  Туған –– туыстарымыздың бәрі бізден безді. Көшеде кетіп бара жатсақ «Халық жауының балалары келе жатыр қашыңдар»––дейтін. Қасымызға жолап кетсе қырсыққа ұшыраймыз деп ойлайтын. Түсінігі бар  ағайындар үйге келіп,жағдайымызды сұрап, анша –мұнша тәттілерін әкелетін. Шешемізді колхозға жұмысқа алмады. Еден жуушы  болып істеді.

Шешемнің аты өзінде заты менде болды, неге десеңіз шешемнің денсаулығы жоқ кісі еді.  Інім екеуміз шешемізге еден жуып, отын жаруға көмектесетінбіз. Сөйтіп үш жыл еден жуушы болып істедік. Содан кейін барып колкозға жұмысқа кірдік. Ағайындардың беттері енді ғана бізге қарап,іштері жылып қалды. Бізді қырманның басына алып барып жүрді, сонымен күнімізді көрдік.  Шешем бір қыз босанып, атын Әмина қойды. Сауатымды ары қарай жалғастырып аша алмадым. Соғыстың басталып кеткен кезі болатын. Қара жұмыс істедік.

Мадияр оқуын жалғастырып, Қызылордада  мұғалімдік қысқа  курсты бітіріп алды. Қызылордада мұғалім, Пионер важатый болып еді, Інімді Нұртазаев деп еш жерге сыйдырмады. Партияға да жүгірді еш нәтиже шықпағаннан кейін. Басқа облысқа барсақ, құлағымыз тынышталар, кімнің баласы екенімізді білмейді,––дегеннен   кейін Мақтаарал ауданына көшіп келдік. 

  (далее…)

Октябрь 9, 2007 at 11:44 дп Оставьте комментарий

Елеусіз ғана күй кешкен Мәдина Шоқай хақында

Мен 11-сыныпта оқитынмын. Әрбір түлек шама-шарқылары келгенше, өз таңдаған мамандықтары бойынша іс-тәжірибеден өтуге тырысатын. Менің таңдаған мамандығым журналистика болғаннан кейін ауданымыздағы «Шымкент-Санұр»телеарнасына барып іс-тәжірибеден өттім. Түсіру алаңына барып келгеннен кейін, күнделікті кешкі жаңалыққа дайындалатынбыз. Жарты сағат көлемінде «құттықтау» айдары да болатын. Сонда бір жас келіншек телеарнаға кіріп келіп өзінің апасын құттықтау үшін арнайы қағазды толтырып кетті. Кейіннен қағазға мұқият қарап отырсам «Мәдина Шоқай Нұртазақызын 84 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз»,-деп жазыпты. Өзім тарихты жақсы оқығаннан кейін бұл есімдер маған таныс сияқты, әлде шатастым ба екен деп ойладым. Кейіннен «Мадина апа деген кім? Мұстафа Шоқайдың туысы емес пе?»- деп редакторымнан сұрағанымда:- ия, соның жалғыз қалған ұрпағы дегенде, Мадина апаның мекен- жайын берулерін өтіндім. Жолым түсіп Мадина апаны арнайы іздеп барғанымда апа мені ашық жарқын күтіп алып бастан өткен қиыншылықтарын күрсіне, көзіне жас ала отырып ой бөлісті.

(далее…)

Октябрь 8, 2007 at 12:11 пп 1 комментарий


Свежие записи

Октябрь 2007
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Сен   Сен »
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

Blog Stats

  • 3,064 hits