Мен де, бір мөлдір тамшымын…

23 сентября, 2009 at 9:09 дп Оставьте комментарий

Өмірдің тәттісінен гөрі  ащысын көбірек татып жүрген адамдар қаншама. Өз бетінше бір нәрсе істей қояйын десе мүмкіндігі шектеулі.

Бұл да бір Алла тағаланың құлдарының бірі. Өмір ашық сынақ алаңы. Мүгедек бала мүмкіндігінің аздығын байқатпай намысқа тырысып Тайванға барып еркін күрестен жеңіспен оралған Абдрахманменде кездесіп сұхабаттасудың сәті түсті.

Абдрахман ең алғаш сенің жеңіспен оралуыңмен құттықтаймын. Саған қояр сұрағым осы спорт түрімен айналысып жүргеніңе қанша жыл болды?

Мен Оспанов Абдрахман Қайратұлы 1985 жылы Шымкентте  туылдым. Еркін күреспен айналысып жүргеніме 2 жыл болды. Негізгі менің колледжде оқыған мамандығым дизайнер стилист. Мен өзім спортпен айналысқанды жақсы көрем. Тайваннан еркін күрестен қазақтың намысын қорғап келдім. Бір айта кететін жайт. Құлағы естімейтін мүгедек балалардың құлағы қаншалықты естімейтінін арнайы писталетпен тексерді. Кеудесіне арнайы компьютер тәріздес құралды қойу арқылы біліп отырды. Сөйтіп  футболдан құлағы еститін балаларымызды ұстап алып ойын алаңынан қуып шықты. Біздің Қазақстанның атына келген ұят тірлік болды

Абдахман қатысқаныңа не бәрі 2 жыл болыпты. Саған қиындық туғызбады ма?

Бір қиындық тудырған жағдай ол еркін күреспен айналысып жүргеніне 6-7 жыл болғандар қатысты. Басқа ешқандай қиындық  болмады.

Ол жақтағы көңіл күйің қалай болды?

Маған Тайван қатты ұнады. Таза қала екен. Әрбір адам өзінің артық қоқыстарын  біз сияқты көшеге лақтыра салмайды. Кішкентай болсада қоқыс жәшігіне барып тастайды. Олар елін, жерін қатты сүйетін ұлт екен.

Алдағы уақытта өзіңнің қандай жоспарың бар?

Алла Тағалам бұйырып жатса алдағы уақытта еркін күресімді жалғастырамын. Және өзімнің оқып шыққан модалерлік мамандығым бойынша жұмыс істеп Туризм және спорт академиясында өзімнің жақсы көретін спортымды  жалғастырсам деймін. Өз маманымның шебері болғым келеді. Аллам бұйырып жатса 2011 жылы корея еліне жарысқа баруға дайындалып жатырмын.

Жеке отбасы құрсам екен деген ойдамын. Өзім журналдардан қарап неше түрлі костьюмдар тігемін.

Ол жақтың қыздары да жақсы ұнады деп Абдрахман ойын жасырмады. Көшелері де тап-таза. Көшедегі жүріп жүрген машиналарында жаман ауа шықпайды. –деп сөзін аяқтады. Бір өкініштісі мен ым тілін білмегендіктен Абдрахман бауырымен өз ойымды бөлісіп сөйлесе алмадым.

Абдрахманға өмірде ең биік шыңдардан көріне бер дегім келеді. Киген киіміміз жамау болса да бір-бірімізге деген көңіліміз жамау болмасын ағайын.

Әңгімелескен, Ұлбосын Мақсымталапқызы.

Entry filed under: Мақалалар.

Ұлт боламын десең бесігіңді түзе. «Früher hat man Türkistan «Turan» genannt…»

Оставьте комментарий

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed


Сентябрь 2009
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Blog Stats

  • 3 196 hits