Ескерілмеген Мадина Шоқай

Октябрь 9, 2007 at 11:44 дп Оставьте комментарий

 Жалғасы. Басы алдыңғы бетте. 

1932 жыл—ашаршылық басталатын жыл. Көктөбеде әкеміздің жеңгесі бар болатын, біз сол жаққа кеттік. Сөйтіп жүргенде әкеміз отырған пойызға жеңгеміз бізді де іліктіріп салып жіберді. Сол кезде Өзбекстаннан бірақ шығыппыз. Біраз жыл біз сонда тұрдық . Ол кезде бала едік, хат танымаймыз. Әкеміз оқшау жерде отырып хат оқитын. Сол хаттан кейін Қоқанға барып келетін.Сонда Қоқан арқылы өзбектерден хат әкеледі екен. Хатты оқып отырып жылап отыратын. Әкемнен неге жылайтынын сұраған кезде: «Е,е балам, ойыныңды ойнай бер, не қыласың?»-дейтін. Сонда бізге кесірі тиіп кетпесін -дейді екен ғой.

Әкем, 1934-1935 жылдары  Мұстафамен  хат арқылы хабарласып тұратын. Әкем ол кезде түйе бағып жүрген түйекеш еді.1936 жылы сәуір айында  қызым мен  баламды оқытпасам болмайды,-деп Өзбекстаннан   Қызылордаға қайта көшіп келдік. Келсек, «Мұстафа Шоқайдың тамырына балта шабу керек»-деп радиодан хабарлап, газеттерде жазып жатыр екен.

 Әкем оқыған, сауатты адам еді. Бір –екі жыл селсовет(қазіргі әкім) болған екен. Бірақ біз  оны білмейміз. Әкемнің туыстары; «көш қайда көшсең де қызды да балаңды оқытпай ақ қой кет.

Қызылордадан көш, оқымаса да бір күндерін көрер өзің аман бол»,-деді. Енді көшсек қайда барамыз,-деп  әкеміз оған көнбеді.Қайда барсамда осы ұл-қыздарым оқысын деп Қызылордада қалдық. Есейгенімде інім Мадияр екеуіміз бірге оқыдық. Біз екінші  2- сыныпты  бітірген 1937жылы 10 тамызда әкемізді әкетіп қалды. Әкемді алып кетерден екі-үш күн бұрын Мұстафадан келген барлық хаттар, суреттер мен оқитын оқулықтардың барлығын түйіншекке түйіп жартысын жандырып,қалғанын ұзаққа алып барып топыраққа көміп тастаған болатын. Қай жерге көміп тастағанын да білмейміз. Сол уақытта көзкөргендер, бүгін жоқ.

Туған жерімнің оң баурайына барып көміп тастаған болса керек. Ол кезде бізді білмесін деген ғой. Әкемді алып кетер алдында біз үйде түстігімізді ішіп отырған болатынбыз. Оқшау жерде екі атты кісі келе жатқанын әкем көріп, анама қазір аналар мені алып кетеді, артымнан шулап жылап қалма, балаларға жақсы қара. Амандық болса келермін. Артымнан түрмеге іздеп келуші болмаңдар. Келсеңдер халық жауының әйелі деп сені де қоса қамап тастайды, сонда балаларға кім қарайды,–– деп әкем жаңағы келген адамдарға ілесіп кетті. Әкемді көрген соңғы күн сол болатын. 

  Туған –– туыстарымыздың бәрі бізден безді. Көшеде кетіп бара жатсақ «Халық жауының балалары келе жатыр қашыңдар»––дейтін. Қасымызға жолап кетсе қырсыққа ұшыраймыз деп ойлайтын. Түсінігі бар  ағайындар үйге келіп,жағдайымызды сұрап, анша –мұнша тәттілерін әкелетін. Шешемізді колхозға жұмысқа алмады. Еден жуушы  болып істеді.

Шешемнің аты өзінде заты менде болды, неге десеңіз шешемнің денсаулығы жоқ кісі еді.  Інім екеуміз шешемізге еден жуып, отын жаруға көмектесетінбіз. Сөйтіп үш жыл еден жуушы болып істедік. Содан кейін барып колкозға жұмысқа кірдік. Ағайындардың беттері енді ғана бізге қарап,іштері жылып қалды. Бізді қырманның басына алып барып жүрді, сонымен күнімізді көрдік.  Шешем бір қыз босанып, атын Әмина қойды. Сауатымды ары қарай жалғастырып аша алмадым. Соғыстың басталып кеткен кезі болатын. Қара жұмыс істедік.

Мадияр оқуын жалғастырып, Қызылордада  мұғалімдік қысқа  курсты бітіріп алды. Қызылордада мұғалім, Пионер важатый болып еді, Інімді Нұртазаев деп еш жерге сыйдырмады. Партияға да жүгірді еш нәтиже шықпағаннан кейін. Басқа облысқа барсақ, құлағымыз тынышталар, кімнің баласы екенімізді білмейді,––дегеннен   кейін Мақтаарал ауданына көшіп келдік. 

 

Көшіп келгеннен  кейін шыны керек қазақты қойдық кәріс колхозына барып тұрдық, атымызды затымызды сұраған бір кәріс жоқ, құлағымыз да тынышталып, Мадияр жақсы жұмыс істеп қалды, кейін 1983 жылы апам қайтыс болды. Бұрынғы «Прогресс», қазіргі М. Әуезов атындағы мектепте   Мадияр екі –үш жыл мұғалім болып , кейін зовуч болып жиырма жыл қызмет атқарды. Өзі шығарма жазатын, журналист атағында алды. Бірақ еш жерге сыйдырмады. Әкем 1937жылдың қараша айында атылып, 1956 жылы ақталған екен.

Осыны Горбочов келіп демократия демегенше бізге айтпаған. Горбачевтың бізге жасаған жақсылығы сол болды. Талай адамның өмірі жайында жердің бетіне шығарған   Горбачев, ол болмағанда шындық шықпайтын еді. Мадияр алпыс жасында дүниеден өтті. Бірінші зейнетақысында алмады ғой. Ол уақытта коммунист-деген тіреп тұрған кезі болатын. Дүниеден өтер алдында Картоғылов Карсет, «Нұртазаевич мен сені қайтсемде коммунистік партияға мүшелікке өткіземін»,––деп кеткен болатын. Бір күні Карсет «Е-ей, Нұртазаевич болмайды екен. Қызылордадан сен туралы мәлімет алдық. Олардан  «халық  жауының балалары мүшелікке алуға болмайды»––деген қағаз келді. Маған ренжіме, қолымнан келгеннің барлығын істедім-деді Карсет. Содан кейін Мадиярдың мазасы болмай, өле-өлгенше бізден «халық жауының баласы» деген атақ қалмайды екен,-деп ауыр науқастан 1989 жылы о дүниеге аттанды. 1965 жылы күйеуім қайтыс болды. Күйеуім біреудің есігінің алдында жұмыс істейтін кедей бала болатын, оны да түрткілеп жұмыс істетпейтін. «Халық жауының қызына үйлендің»,-деп. 1965жылы тоғыз баламен жесір қалдым. Құдайдың қара күшінің арқасында балаларымның барлығын оқыттым. Алматыдағы 1986жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты бір балам оқымай қалды.  Біз байдың тұқымы болып байлық көргеніміз жоқ .

Екі –үш  тәркілеуін көрдік. Қорадағы барлық малдарды айдап алып кеткен болатын. Мұстафа өте мәдениетті кісі болған. Еуропалық сән мен қонақ күтіп алатын кісі болған, шай ішкенде бакалмен ішетін. Тағы бір айтып кететін жәйт, мектепте оқып жүргенімізде Қалымбетов Мырзакелді дейтін немере ағамның екі баласы , біз Мадияр екеуіміз мектепке барамыз. Мектепке барғанымыздан мұғалімдер бөлмесіне кіргізіп: «әкелеріңнен хабар барма? түнде келіп жүрген жоқ па? Хат жазса бізге әкеліп беріңдер»,- деп жылата беретін. Мен ересектеу болғаннан кейін көп жыламайтынмын, қалған інілерім мектептің табалдырығын аттаған сәттен бастап жылайтын: «бармаймыз, барсақ болды әкемізді сұрап жылата береді»–деп мектептен қашатын. Күндегі көрініс қайталана берді.    Бір күні мектептің зовучы келіп, бұлар кішкентай ғой нені біледі,  мақсаттарың жылату ма? –деп айтқаннан кейін, бізге тиісулерін тоқтатты. Сонда олар бізге сенбейді екен ғой, қашып жүр деп ойлайтын болса керек.

Әкемізді білетін мұғалімдер амал жоқ тиіспеңдер деп айта алмайтын.Сонда Атабаев Төлеген Мадина, сендерді әбіржітті-ау шырағым,––дейтін.  Енді өміріміз солай болса қайтеміз?––деп қоятынмын. Бала кезімізде бала болып күлмедік, ойнамадық, жүрмедік екі адам сөйлесіп тұрса, бізді «халық жауының балалары»–– деп  тұр ма деп қашатынбыз, далаға, жиындарға бармайтынбыз.

Е-е өтті өмір. Нұртазаев деген фамилиямызға өкінген күндеріміз болды. Мадиярдың баласы Ғалымжан да Қызылордаға коммуниске өтемін деп барса, оны да Нұртазаевич деп өткізбеген. Сонда үйге келіп әкесіне: Аға осы фамилияны тастай салып басқа фамилияға өтпедіңіз бе? Бұл бізге жабысқан бәле болды ғой –– деген. Қандай жанға батарлық сөз.

Кезінде Мәскеуден Мұстафа Шоқайдың тұқымы бар ма?-деп хат келген болатын. Мадияр: «жоқ, тұқымы қалмаған-деп айтыңдар,» –– деп хабар бергізбеген. Сол уақытта  Мариям Шоқай іздеген екен.

Дүние жүзін жалаң аяқ жар кешіп , қызыл аяқ қыр кешіп , халықтың қамы деп елдің шетінде, жаудың өтінде Мұстафа қалды. Әкемнің белгілі жатқан екі метр жері де жоқ. Дүние жүзілік қауымдастық Мұстафаның сүйегін елге әкелеміз деген еді. 1997жылы Түркістанға  Дүние жүзіндегі барлық тарихшы, ғалымдар жиналды. Мен соған барған болатынмын, сонда наймандар: Апа біз Мұстафаның сүйегін елге әкелеміз.Әкелер алдында біз сізді алып барамыз,-––-деген. Сонда Түркиядан көп адамдар келген болатын, бірінен кейін бірі келіп, арқамнан қағып «құдайға шүкір тұқымы бар екен ғой»,–– деп риза болып естелікке көйлек, қаламсап, күнтізбелерін   беріп кетіп жатты.  Ең соңында сүйегін елге әкелмейтін болып шешті.

Сүйегінің орнына Түркістанға суретін ілеміз,––деді. Бірақ, бұл да орындалмайтын секілді. Қазақстандағы демократияның бастауы осы Мұстафа Шоқайдан бастау алды.

Әкеміздің сүйегі әкелінбеді, енді өміріміздің көбі осы Жетісай  жерінде өтті ғой. Осы жердегі бір мектептің атын әкеміздің атынан беріңдер деп қанша жүгірдім.Мақтаарал ауданының әкімі Ө.Нұржановқа кірейін десем, Соғыс ардагері Қауғымбаев деген «осы менің алайын деп жүрген мектебіме қайдағы бір қаңғырып жүріп өлген Мұстафа деген адамға беретін болыпты. Мен тірі жүргенде бермеймін»–деді.  Бірақ мектепті біздің әкеміздің атынан берді. Ашылуында Нұржанов, Алматыдан басқа да қонақтар келді. Осы уақытта байлардың бірі болғанымызда әкеміздің сүйегін елге әкелдіріп алушы едік.  Мұстафа Шоқай өзінің балалығы жайлы бір есте­лі­гінде: «Екі шешем менің ауылдан ұзақ кететінімді ойлап, жылай бастады, құдды өлген адамды жоқтаған тәрізді. Мен де қорқа бастадым. Оқуға деген алғашқы қызығушылығым басылып қалды. Өйткені, бауырларым мен бар­лық туыстарым маған мүсіркеуші­лік­пен қарап: «Ақмешітке кетіп барасың, орысша оқитын боласың, сенің басыңа орыстардың фуражкасын кигізіп қоя­ды, сондықтан күннің көзін көре ал­майсың, үстіңе де орыстардың киімін кигізеді, сосын қазаққа ұқсамайтын боласың, орысша сөйлеп, орыс болып кетесің» –– десе, қарт түрік мұғалімі де оларды мақұлдап: «Ол жерде мектепте мойныңа крест тағады…,» –– деді. Менің болашағым жайлы бұл айтылғандар жаныма қатты батты.

Енді әкеме Ақ­мешітке оқуға жібермеуін сұрап, жа­лына бастадым. «Орыс болғым кел­мейді»––дедім. Ал әкем болса, ол айтыл­ғандардың бос сөз екенін айтып, мені жұбатты. «Сен оқу үшін барасың. Үл­кейген соң ақылды адам болып, бүкіл қазаққа пайдалы боласың…» – деді»,– деп жазады. Мұстафаның сүйегін Түркістанға әкелмесе де Түркістанға  суретін ілсе  де ризамын.

Мұстафаның өзі оралмаса да сүйегі оралыпты ғой дейтіндей сүйегі де оралмады. 31 мамыр қуғын сүргінге ұшыраған әкемнің басына көпшілікпен барып құран оқытып қайтамын. Қазіргі уақытта Қызылордаға барғанда танитын, танымайтындар да апа деп батасын алып жататын адамдар аз емес. Жетісайға келсем мені емес Мұстафаны білмейтін адамдар көп. Мұстафа жалғыз қыпышақтың баласы емес, ол түркі әлемінің баласы. Алматыда бұрынғы Мырзаян көшесін Мұстафа Шоқай атына берді,––деп  Мадина апа сөзін аяқтады.

Мұстафа Шоқайдың мазмұнға толы әңгімесін назарларыңызға ұсынғым келеді: «Ұлы Отан өз орнында, тәңір жаратқан жерінде ,халық бұқарасы өмір сүріп отырған аумақта жатыр.Біз мұғажырлар аз ғана бөлшегіміз. Біздер атамекенді өзімізбен бірге алып кеткен жоқпыз.Біз оған деген сарқылмас сүйіспеншілігімізді, үзілмес байланыс тарихымызды жүрегімізге түйіп шыққанбыз»–– деген   

Айта кететін жайт, жоғарыда отырған билік басындағылар Мәдина апаны осы күнге дейін елемей келгені жанына батады.  Екі ағайынды жігіт «Қазақстаным, Қазақстаным, Түркістаным қазағым»,-деп өмірден өткендігі. Елі деп аңырап кеткен Мұстафаның сүйегі шет елде жатқандығы қабырғасын қайыстырады.

   Бүгінгі таңда Мәдина Шоқай Нұртазақызы Жетісай қаласында тұрады. Мадина апа жеті ұл, екі қызынан 34 немере, 21  шөбере сүйіп бақытты ана, тәтті әже  атанып отырған жайы бар.  

Реклама

Entry filed under: Мақалалар.

Елеусіз ғана күй кешкен Мәдина Шоқай хақында «Таным» пікір сайыс клубы

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed


Свежие записи

Октябрь 2007
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Сен   Сен »
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

Blog Stats

  • 3,064 hits

%d такие блоггеры, как: