Елеусіз ғана күй кешкен Мәдина Шоқай хақында

Октябрь 8, 2007

Мен 11-сыныпта оқитынмын. Әрбір түлек шама-шарқылары келгенше, өз таңдаған мамандықтары бойынша іс-тәжірибеден өтуге тырысатын. Менің таңдаған мамандығым журналистика болғаннан кейін ауданымыздағы «Шымкент-Санұр»телеарнасына барып іс-тәжірибеден өттім. Түсіру алаңына барып келгеннен кейін, күнделікті кешкі жаңалыққа дайындалатынбыз. Жарты сағат көлемінде «құттықтау» айдары да болатын. Сонда бір жас келіншек телеарнаға кіріп келіп өзінің апасын құттықтау үшін арнайы қағазды толтырып кетті. Кейіннен қағазға мұқият қарап отырсам «Мәдина Шоқай Нұртазақызын 84 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз»,-деп жазыпты. Өзім тарихты жақсы оқығаннан кейін бұл есімдер маған таныс сияқты, әлде шатастым ба екен деп ойладым. Кейіннен «Мадина апа деген кім? Мұстафа Шоқайдың туысы емес пе?»- деп редакторымнан сұрағанымда:- ия, соның жалғыз қалған ұрпағы дегенде, Мадина апаның мекен- жайын берулерін өтіндім. Жолым түсіп Мадина апаны арнайы іздеп барғанымда апа мені ашық жарқын күтіп алып бастан өткен қиыншылықтарын күрсіне, көзіне жас ала отырып ой бөлісті.

Иә,Тәуелсіздік үшін кім жанын аямады?! «Изм» заманында жетпіс жыл бодан болып, міне өз тарихымызға, «Елтаңбамызға», «Әнұранымызға», «Ұлттық теңгемізге» қол жеткіздік. Тәуелсіздік үшін күрескен зиялы азаматтар А.Байтұрсынов, М.Дулатов. Ә.Бөкейханов, М.Шоқай сынды зиялыларымыз қазақтың келешегі жайында не көрмеді?-деп Мәдина Шоқай сөзін бастады (Мұстафа Шоқайдың інісі Нұртаза Шоқайдың  қызы) Мұстафа Шоқай 1886 жылы Ақмешіт (Перовск)қазіргі Қызылорда қаласында дүниеге келген. Тарихқа кері шегінетін болсам М.Шоқай бай жанұядан шыққан. Отбасында екі қыз, үш ұл тәрбиеленген. Кішкентай Мұстафа бала кезінен ауылында болып жатқан жағымсыз жағдайларды көріп зерек өсті. Сауатын Ташкенттегі гимназия мектебінде ашты. Өз елі, жері үшін атқарған қызметінің мәні мен орны ерекше болды. Мұстафа осынау кең байтақ қазақ даласының ұлтарақтай жеріне сыймай жер аударылып кете барды. Мұстафа еліне,жеріне деген сағынышын басып тұру үшін, туған жердің бір уыс топырағын жанына серік қылып алып кетті.Қанша жер аударылып кетсе де туған елінен қол үзбеді, хабарласып тұрды.

Entry Filed under: Мақалалар. .

1 Comment Add your own

  • 1. Мөлдір моншақ тағынған  |  Декабрь 10, 2008 at 12:05 пп

    Жаным Ұлболсын!
    маған өте керекті, қызықты мақала жазыпсың, көп-көп рахмет. қызық-қызық деректерді алда талай-талай жазасың деп сенемін айнам. блогың жансын!

    Ответить

Leave a Comment

Required

Required, hidden

Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed


Blogroll

қазақша блогтар

Свежие записи

 

Октябрь 2007
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Сен   Сен »
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

Архивы

Blog Stats